Экс-президент

Экс-президенттің резиденциясын мемлекет тартып алды

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы зәулім үйі мемлекет меншігіне өтті. Оның резиденциясы қарттар үйіне айналуы мүмкін.

Ол қызметінен 2019 жылы кеткен болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған Алмазбек Атамбаевтың резиденциясы тәркіленді. Оның сәулеті жарасқан үйі енді қарттар үйіне айналуы мүмкін. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару қоры мәлімдеді.

Ғаламторда тараған бейнежазбадан экс-президенттің адвокаттары мен мемлекеттік қызметкерлердің арасында келіспеушілік туындағанын байқауға болады. Адвокаттардың айтуынша, үйдің мемлекет меншігіне өткенінен Атамбаевтың туыстары хабарсыз болған.

2020 жылы Қырғызстанның соты Алмазбек Атамбаевты қызметін асыра пайдаланды және қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатты деп 11 жыл 2 айға соттаған болатын. Бұл туралы Экспресс К бұған дейін жазды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров