Маңғыстау

Маңғыстауда иесіз иттер даладағы малға шапты

Есен ҮРКІМБАЙ

Маңғыстау облысында қараусыз жүрген иттер малға шапқан оқиға тіркелді. Мұнайлы ауданында ауылда жүрген қойларды иттер талап тастаған.

Бұл өңірде иесіз иттердің саны күрт артқалы бері тұрғындарда қауіп көбейген, деп хабарлайды Экспресс К.

Ал олардың көбеюіне иттерді атуға заңмен тыйым салынғаны себеп екені талай айтылды. Бұлар тұрғындарға қауіп төндірумен қатар малға да шаба бастады.

Ақтаудың іргесіндегі Мұнайлы ауданының Батыр ауылында қойларды ит талап тастады. Қараусыз жүрген иттер жайылып жүрген ұсақ малға шауып, оны тұрғындар байқаған.

Оқыс оқиғадан соң ауыл әкімдігі шешім қабылдап, тиісті шара қолданыпты.

"Ит аулайтын мамандарға хабарласып, оқиғадан кейін қаңғыбас иттер ауланды. Алдағы уақытта бекітілген кесте бойынша маусым айының 9-10 және 28-29 маусым күндері ит аулау жұмыстары жүргізілетін болды", — деді Батыр ауылы әкімдігінің мамандары.

Маңғыстау облысында бұған дейін иесіз иттер қорадағы қойға шауып, бірнешеуін жеп кеткен болатын. Оларды ату жұмыстары тоқтағалы бері топ болып жүретін иттерге тұрғындар жиі шағым білдіреді.

Экспресс К облыстағы иесіз үй хайуанаттар туралы жазды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Мархабаев ауланған ит пен мысықтарға арналып арнайы тұрғынжай салынатынын айтқан. Былтырдан бері облыста жеті мың ит пен мысық атылғанына қарамастан мәселе әлі де шешімін таппай отыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров