Ғалымжан Ниязов

Қызметіне оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қайтадан қамауға алынды

Есен ҮРКІМБАЙ

Ғалымжан Ниязов / Әкімдіктің баспасөз қызметі

Мамырдың соңында үйқамақтан шығып, қызметіне оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қайтадан қамауға алынды. Енді Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық сотының шешімі бойынша 24 маусымға дейін қайтадан үйқамақта болады.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қайтадан үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақпан айында қамауға алынып, соңынан үйқамаққа шығарылған Ғалымжан Ниязов 24 мамыр күні қызметіне қайта кіріскен болатын. Алайда Ақтау қалалық сотының шешімі бойынша шенеунік қайтадан қамалып отыр.

"Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ниязов Ғалымжанға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылдың 24 мамырынан 24 маусымына дейін ұзартылды", — деді сот тарабы.

Экспресс К Маңғыстау облысы әкімінің орынбсараы Ғалымжан Ниязовтың қамауға алынғаны туралы жазды. Шенеунік мамырдың 24 күні жұмысқа шықты дегенімен, оны әкімдік қызметкерлері осы күнге дейін көрмеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров