Ақша

Қазақстан шекарасынан заңсыз ақша шығармақ болған шетелдіктер ұсталды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Мемлекеттік кірістер комитеті

"Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар қолма-қол ақшаны Қазақстаннан сыртқа шығаруға болмайды деген шектеуді бұзған, деп хабарлайды Экспресс К.

6 маусымда Түркістан облысындағы "Жібек жолы" кеден бекетінде Өзбекстанға бағыт алған Тәжікстан азаматы ұсталды. Одан кедендік декларацияда көрсетілмеген 19500 доллар табылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұған дейін 18 мамырда "Атамекен" кеден бекеті арқылы Өзбекстанға өтпек болған Қазақстан азаматынан 10000 доллар, 82500 теңге және 1798000 өзбек сомы табылған еді. Қазір әкімшілік іс қозғалып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Осыған ұқсас жағдай "Атамекен" кеден бекетінде 20 мамырда да болды. Ол кезде Ресей азаматы өзімен бірге 13800 доллар мен 88000 теңгені Өзбекстанға алып өтпек болған. Қазір Әкімшілік кодекстің 545-бабы бойынша іс қозғалып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Мемлекеттік кірістер комитеті

Біз бұған дейін шет елге заңсыз кеткен ақшаны қайтаруды Президент өзі қадағалайтыны туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров