Әлеуметтік көмек

Елімізде бала босану мен оның күтіміне берілетін төлемдер өседі

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

© iStock

Елімізде жүктілікке, босануға және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін төлемдердің мөлшері ұлғайтылуы мүмкін.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Біз қазір жұмысынан айырылған кезде, жүктілік пен босану, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз,

— деді министр.

Оның айтуынша, барлығы мемлекеттегі ақшаға байланысты, яғни бірінші кезекте мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаржылық тұрақтылығын ескеріледі.

Тамара Дүйсенова бұған дейін такси жүргізушілері мен тамақ тасушыларға әлеуметтік көмек берілетіні туралы айтқан еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров