Бейбіт Исабаев

Жетісу облысының әкімі тағайындалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Бейбіт Исабаев / primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Бүгін жаңа өңірдің басшысы жергілікті мәслихат пен жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жаңадан құрылған Жетісу облысына басшы болып бұған дейін Сенат депутаты болған Бейбіт Исабаев келді.

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын,

— делінген Президент жарлығында.

Жаңа әкім 1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол көп жылдар бойы еліміздің Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды. Әр жылдары Қазақстанның Түркиядағы, Албаниядағы және Қырғызстандағы елшісі болды. Үйленген, 2 қызы, 1 ұлы бар.

Жетісу облысының орталығы — Талдықорған қаласы. Жаңа өңірдің аумағына 352 елді мекені бар 8 аудан (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов және Сарқан) мен 2 қала (Талдықорған және Текелі) кіреді.

Бұған дейін Ұлытау мен Алматы облысының әкімдері тағайындалған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров