Алматы облысы

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Алматы облысын басқарған Қанат Бозымбаев қызметтен кетіп, оның орнына жаңа әкім келді.

Президенттің жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын

— делінген Жарлықта.

Алматы облысының әкімі лауазымына Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиевтің кандидатуралары ұсынылған еді. Ашық дауыс беру нәтижесінде облыстық мәслихаттың 188 депутатының 129-ы Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасына, 59 депутат Батыржан Байжұмановқа дауыс берді.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Көп жылдар бойы Қаржы министрлігінде түрлі қызмет атқарды. Соңғы қызметі Қаржы вице-министрі болған еді.

Марат Сұлтанғазиев / ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметіМарат Сұлтанғазиев / ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметі
Марат Сұлтанғазиев / ҚР Қаржы министрлігі баспасөз қызметі

Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Бұған дейін жаңадан құрылған Ұлытау облысының әкімі тағайындалған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров