Шоу-бизнес

"Төсектеміз!" Ерке Есмахан тыржалаңаш суреттерді жариялады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/erke_esmahan

Әлеуметтік желіде ауқымды аудиториясы қалыптасқан Ерке ел назарын аудару үшін түрлі ақпараттарды бөлісіп, оқырмандарын таңғалдырудан жалыққан емес.

Бұл жолы өзінің Instagram-дағы парақшасына тыржалаңаш фотоларды жүктеген танымал әнші тағы да жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/erke_esmahaninstagram.com/erke_esmahan
instagram.com/erke_esmahan

Instagram-да алты жарым миллионнан астам оқырманы бар Ерке желідегілермен түрлі тақырып төңірегінде әңгімелеседі. Кейде ол әлем жұлдыздарының өмір жолы мен тарихы туралы да ақпараттарды бөліседі.

Есмахан осы жолы әйгілі "Битлз" тобының белді мүшесі Джон Леннон мен оның ғашығы Йоко Ононың тыңжалаңаш суреттерін жариялап, олардың махаббат хикаясы жайлы жазған.

instagram.com/erke_esmahaninstagram.com/erke_esmahan
instagram.com/erke_esmahan

"Екі ғашық елдің назарында. Журналистер олардың төсегіне барып, фотоға түсіріп, сұрақ-жауап жасайды. Бұл акцияны қос ғашық "Бейбітшілік үшін төсектеміз" деп атайды. Олар бұл акциямен Вьетнамдағы соғыстың тоқтауын талап еткен. Олар шешініп фотоға түсіп, елге жариялайтын қызық адамдар болған", — деді Ерке.

Есмаханға әйгілі Джон мен Йоконың махаббат жолындағы күресі қатты ұнаса керек, ол қос ғашықтың соңында қалай қосылғанын да оқырмандарына баяндап берген.

"Бұл уақытта Джонның некелі жары Грекияда болған. Джон мен Йоко түні бойы ән жазады, таңға жуық махаббаттың қызығына әбден түседі. Джон сұхбатында: "Бұл шығармашылық түні әрі махаббат таңы өте әдемі болды" депті. Осы кезде Джонның әйелі үйіне кенеттен оралады. Күйеуін бөтен әйелмен көргеннен кейін отбасының шырқы бұзылады. Джон әйелімен ажырасып, Йокосына қосылады", — деп жазды Есмахан.

Ерке желідегі жазбасының соңында мұндай махаббат иелерін қолдайтынын және шынайы сезімге сенетінін ашық айтыпты.

Мен ұлтқа, жасқа, бойға, ойға, өткен кеткенге, келбетке, қоршаған ортаға қарамайтын шынайы махаббатқа сенемін,

Айта кетейік, Ерке Есмахан екі рет ажырасқан. Алғашында танымал журналист Асхат Садырбайға тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз аяқталса, екінші рет Ninety One тобының экс-мүшесі A.Z, яғни Азамат Зенкаевпен көңіл жарастырып, кейін ғашықтар тағы да екі жаққа кеткен еді. Экспресс К бұған дейін Еркенің бейтаныс жігітке бір түнін арнағаны туралы материал жазған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров