Ана мен бала

Ақтауда кішкентай қызын өлтіріп сотталған ананың әрекетіне жақындары сенбейді

Есен ҮРКІМБАЙ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақтау қалалық соты адам өліміне әкеп соққан іске қатысты үкім шығарды. Қылмыстық оқиға қаңтар айында болған.

Ақтауда өз баласын өлтірген ананың әрекетіне жақындары сенбей отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сотталған ана өз баласын өлтірген. Күдікті қызын ұрып, күшпен итеріп жіберген. Соның кесірінен бала үстелге ішімен соғылып, қарнынан қатты соққы алған көрінеді.

"08.01.2022 жылы сағат 02.00 шамасында келіншек ашулы күйде өзінің кәмелетке толмаған қызының ішкі жағынан қолымен соғып жіберген. Осыдан кейін сотталушы қызын тастап, пәтерден шығып кеткен. Көп уақыт өтпей кішкентай қызы осы соққылардың кесірінен қайтыс болған. Cот-медициналық сараптама қорытындыларына сәйкес, кішкентай қыздың өлімі көп қан жоғалту, іштің өткір жарақаты нәтижесінде пайда болғаны анықталды", — деді облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Сот барысында прокурор соттан айыптыны қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Соған сәйкес сот оны айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды

Алайда сотталушының анасы бұл өлімнің себебіне күйеу баласын айыптайды. Ол бірнеше рет зорлық-зомбылық белгісін көрсетсе керек. Әрі өзінің сотталған қызы құмар ойынға арбалған жанға тұрмысқа шыққаннан кейін тағдыры бұралаң болған. Әжесінің айтуынша, кішкентай немересі қайтыс болған күні оның қызын күйеуі құмар ойынға ақша табу үшін үйден қуып шыққан. Қайтып оралғанда баланың өліп қалғанын айтқан.

"Менің қызым келгенде ол ас үйде сырт киіммен отырған. "Сенің балаңа бірдеңе болды" деп айтқан. Ал жатын бөлмеге кіргенде кішкентай бала басқа киімде болған. Көзі жұмулы күйінде, жерде сұлық жатқан. Ал оның күйеуі болса "Полиция келгенде үйде мен болды деп айтушы болма. Мен жаңа ғана келдім" деген. Содан қызым осы жайтты жасырып, ештеңе болмағанын айтқан", — дейді сотталушының анасы.

Әзірге соттың шешімі заңды түрде күшіне енген жоқ. Ал айыптының ісі қайта қаралуы әзірге белгісіз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров