Депутаттар

Депутат бөлінген 100 миллиард теңгені тұрмысы нашар жандарға бөліп беруді ұсынды

Есен ҮРКІМБАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мәжіліс депутаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін бюджеттен арнайы бөлінген қаржыны басқаша жұмсаудың жолын ұсынды. Халық қалаулысы осылайша кедейлік шегінен шығуға болатынын айтты.

Депутат Аманжан Жамалов әлеуметтік көмекке мұқтаж қазақстандықтар үшін 100 миллиард теңгенің қалай бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов нарықтағы бағаның өсуін тежеу үшін Үкімет 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлгенін атап өтті. Оның сөзінше, 81 миллиард теңгесі сауда желілерін жеңілдікпен несиелеуге, тағы 16,8 миллиард теңгесі тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жұмсалған.

"Еш нәтиже жоқ. Ал баға көтеріліп кетті. Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа таратқан дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық кедей тұратын халық бар. Олар бағаның өсуінен көп зардап шегеді. Егер сіз бағаның өсуін тоқтата алмасаңыз, халықты тікелей қолдаңыз, әлеуметтік қорғалмаған топтарға атаулы субсидиялар беріңіз. Бұл ақшаны сауда желілеріне таратудан гөрі көп пайда болатынына сенімдімін", — деді Жамалов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров