Қария

"10 мың теңгеге иіскеп беремін". Теміртауда маньяк шал қыздың үрейін ұшырды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қызға қырындап, артынан қалмай қойған ересек адамның видеосы тарады.

Видеоға пікір жазушылар жасы үлкен адамның әрекетін сынап, қызға қолдау білдіруде, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеоны Айназ есімді Теміртау тұрғыны жариялаған. Бастапқыда жасы үлкен адамның автобуста қыздың қасына отырып алып, тиісіп отырғанын байқауға болады.

Екінші видеода шалдың далада келе жатып, әртүрлі ұсыныс айтып келе жатқанын естуге болады.

Ана жеріңді иіскегім келіп тұр. Ақша беремін. Қанша керек? 5 мың, 10 мың теңге? Айт,

— дейді ер кісі.

Мұндайға қыз "жоқ, тиіспеңіз маған" деп, одан қаша бастайды.

Видео пікір жазушылар үлкен кісіге қатты ашулы. Комментарийлер арасында "ұрайын десең жасы үлкен, ұрмайын десең істегені мынау", "кеше Амилайға күші жеткендер осындайда қайда қалады?", "бұрын түнде жүруге қорқатын едік, енді осылай тапа-тал түсте де тиісе береді екен" дегендер бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров