Сериалдар

"Бизнес по-қыздарски". Salem тағы бір веб-сериал түсіріп жатыр

Лаура БИҒАЛИ

© SSM

Salem social media "Бизнес по-қыздарски" атты жаңа веб-сериал түсіріп жатыр.

Бұл веб-хикаяда Salem-нің ең үздік актерлері ойнайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Олардың арасында Жәнел Серғазина (Serjan bratan), Қобыланды Болат (5:32), Әсел Қалиева (Mystan) және Салтанат Құдайбергенова (Krasavica & Nurdaulet) бар.

Жәнел Серғазина / © SSMЖәнел Серғазина / © SSM
Жәнел Серғазина / © SSM

"Бизнес по-қыздарски" веб-сериалында жалғызбасты Жанар есімді әйелдің қатыгез күйеуінен қалаға көк тиынсыз қашып кетуі баяндалады. Келіншек баласын асырау үшін жалданып жұмыс істей бастайды. Біраз уақыттан соң бұл жұмыстың өзіне сай келмейтінін түсінеді. Сөйтіп, ол аяқ астынан құрбысымен бірге кәсіп ашады. Оның кәсібі бала күтушіге арналған агенттік. Нәтижесінде Жанар бай, тәккаппар әйелге бала күтуші болып жұмысқа орналасып, түрлі қиындықтарды басынан өткереді.

© SSM© SSM
© SSM

"Веб-сериалда әр кейіпкердің өз жолы бар. Біз оларды дайындық кезінде зерттеп алдық. Мәселен, үй қызметкерлері мен бала күтушілердің жұмысын, психологиясын түсіну мақсатында көп жылдық тәжірбиесі бар бала күтушілермен әңгімелестік. Бүгін актерлермен қызу дайындық жүргізіп жатырмыз. Сондықтан мен режиссер ретінде бұл жобада актерлық құрамға аса қатты мән бердім", — дейді сериалдың режиссері Олжас Ермекбаев.

5:32 веб-сериалының жұлдызы Қобыланды Болат бұл сериалда Думанға қарама-қарсы рөлді сомдайтынын айтты.

"Бұл жобада Жанардың қатыгез күйеуі Асқардың рөлін сомдаймын. Басында маған әйелін ұрып-соғатын, өз дегенінен қайтпайтын адамның рөлін ұсынғанда бұл қалай болар екен деп ойланып қалдым. Содан кейін өмірде осындай ер адамдардың барын ескере отырып, көрерменге кейіпкерім арқылы дұрыс ойды жеткізуді ұйғардым. Веб-сериалдағы Асқар арқылы актерлік қырымды тағы да аша түскім келді", — дейді актер Қобыланды Болат.

Қобыланды Болат / © SSMҚобыланды Болат / © SSM
Қобыланды Болат / © SSM

Қоғамдағы жалғызбасты аналардың мәселесі Salem social media креативті продюсер әрі идея авторы Әнел Сартаеваны қатты толғандырған. Сондықтан осындай сериал түсіруді шешкен.

"Жалғызбасты аналар жетістікке жету үшін үнемі таңдау жасайды. Және көбі бұл жолда өзін құрбан етеді. Мені осы мәселе қатты толғандырды. Қазір Salem үшін әйелдерге арналған контент маңызды. Сондықтан бұл жоба әйелдерді жігерлендіреді деп ойлаймын", — дейді Әнел Сартаева

"Бизнес по-қыздарски" веб-сериалы Алматы қаласында түсіріліп жатыр. Түсірілім жұмыстары 45 күнге созылады. Небәрі 12 бөлімнен тұратын жоба осы жылдың күз айында көрерменге жол тартады.

© SSM© SSM
© SSM

Веб-сериалды Мәскеуден келген мамандар: Александр Китайцев(қоюшы оператор), Татьяна Азарова(қоюшы суреші), Айнұр Есболатова(костюм қоюшы) және CULTBURO компаниясы(Олжас Ермекбаев) мен UVENT production(Еркежан Мақсұт, Ақжол Сәрсембаев) жұмыс жасап жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров