Кино

Экспресс К Ринат Балғабаевтың "Соль" фильмін көпшілікке таныстырмақ

Экспресс К

© ЭК

Экспресс К редакциясында жақында өзекті және өткір тақырыптарға деректі фильмдерді дайындаумен, түсірумен және шығарумен айналысатын жаңа бөлім пайда болды.

Дүйсенбі, 20 маусым күні Экспресс К-ның деректі фильмдер бөлімі көрермендерге "Соль "атты дебюттік фильмін ұсынды. Фильмнің режиссері — Ринат Балғабаев.

Кинотуынды елімізде тамырын тереңге жайған есірткі мәселесі жайында. Оның ішінде мефедрон немесе жай ғана "тұз" деп аталатын есірткінің бұл түрі жастар арасында ғана емес, ересектердің де есін алып болды.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Фильм авторларының айтуынша, 12 жастағы баладан бастап мефедронның дәмін татып көруге құмар. Мәселенің барлығы қазіргі уақытта ескірткінің қолжетімді болуында. Оны сатып алу үшін интернеті бар смартфон мен ақшаң болса болғаны.

Сынған стереотип

Фильм режиссері Ринат Балғабаев Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында неліктен есірткі тақырыбын көтергенін және бұл фильммен көрерменге не жеткізгісі келетінін айтты.

Синтетикалық есірткі туралы көп әңгіме еститін болдым. Қайда барсам да таныстарым есірткімен болған тәжірибесі туралы айтады. Елімізде есірткіге деген тәуелділік жоқ деп ойлап келген мені бқл нәрсе қатты таңғалдырды,

— деді Ринат Балғабаев.

Ол бұрын университетте жұмыс істеп жүргенде студенттердің тәрбие жұмысымен айналысқанын атап өтті. Сол кездің өзінде ол жас балаларды наркологиялық орталықтарға апарып, есірткіге тәуелді адамдармен кездестірген. Ондағы мақсаты — студенттерге есірткінің қауіпті салдарын көрсету.

"Содан кейін ұзақ уақыт бойы бұл тақырып қызықтырмады. Мен есірткіні қоғамды жаулап алады деп ойламадым. Көпшіліктің есірткіге "иммунитеті" бар деген ойда жүрдім. Мен де басқалар секілді тек маргиналдар ғана есірткіге тәуелді деген стереотип қалыптасты. Бірақ осы тақырыппен айналыса бастағанда, оның осыншалық өзекті мәселе екені мені бей-жай қалдырмады", — деді фильм режиссері.

Нашақорлар "жасарып кетті"

© ЭК© ЭК
© ЭК

Түсірілімге дайындық барысында фильм авторлары қазіргі жастардың психотропты заттарға әуес екенін және олардан "ешқандай" қауіп көрмейтінін анықтады.

Таныстарымыздың арасында жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес көп адамдар өмірінде бір рет болсын есірткінің дәмін татқан. Режиссер кейбіреулерінің "бұл салада" тіпті тәжірибесі барын айтты.

"Нашақордың портреті өзгерді. Қазіргі есірткінің қасіретін білмейді. Менің замандастарым оның салдарын өз көздерімен көрген. Сонымен қатар, қазіргі заманғы технологиялар есірткіні сатып алуды жеңілдетті, ал медиа пайдалану мен есірткі бизнесін романтизациялайды. Бұл мәселенің тамыры терең болғандықтан, фильм түсіруді шештім", — деді Ринат Балғабаев.

Бастапқыда фильм авторлары мефедронға баса назар аударғысы келген көрінеді. Бұл препарат жастар арасында өте танымал. Алайда түсірілім барысында синтетикалық есірткіні туралы толықтай қамту туралы шешім қабылданды.

Есірткіге тәуелді адамдармен болған түсірілім кезіндегі қиындық

"Есірткіге тәуелді адамдардың арасында бұл мәселе туралы камераға ашық ашық айтқысы келетіндер аз. Себебі қоғамда нашақорлар қалыпты өмір бастағысы келгенде бірқатар проблемаларға тап болады. Көптеген кейіпкерлер соңғы сәтте немесе түсірілімнен кейін өздерінің ашық әңгімесінен қорқып, бас тартып жатады. Жалпы, түсіру қиын болды. Көбісі тек анонимді шарттармен түсіруге келісті. Ал бұл мені қанағаттандымады",- деді режиссер.

Үндемеу мүмкін емес

Есірткі мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті. Жастар бара-бара есірткіге әуес болып барады. Жасөспірімдер тіпті 18 жасқа жетпей өмірлерін құртады.

"Мен қоғамға не айтқым келеді? Бұл мәселеге назар аударыңыз. Иллюзияда өмір сүруді тоқтатыңыз. Жақын адамдармен сөйлесуді үйреніп, мәселені кеш болмай тұрып анықтаңыз. Әсіресе жасөспірімдер. Ешқандай фильммен мәселені шешу мүмкін еместігін түсінемін, бірақ үндемей отыру да дұрыс шешім емес. Жастар қызығушылықтан, надандықтан немесе проблеманы ұмыту үшін синтетикалық есірткілерді қолданып, содан кейін өмірі мәңгіге өзгереді. Мен бұрыннан есітркіге тәуелді адамдардың өмірін туралы айтып, есірткінің салдары туралы ескерткім келеді", — деді Ринат Балғабаев.

Айтпақшы, фильмнің кейіпкерлері — есірткіге тәуелділікті жеңіп немесе қазір онымен күресіп жүргендер. Олар туралы деректі кино бөлімінің креативті продюсері Сабина Сексембаева айтып берді.

© ЭК© ЭК
© ЭК

"Фильмнің кейіпкерлері тәуелділіктен аман өтіп және қазір онымен күресіп жүргендер — өз әңгімелерімен бөлісті, біз осы үшін оларға ризамыз. Бұл фильмді мектептер мен университеттерде көрсетуге болады, нашақорлықпен күресуге тырысып жүргендер бар. Фильм ата-аналарға, балаларға, бір сөзбен айтқанда, барлығына пайдалы. Егер "Соль" фильмін көргеннен кейін біреу есірткіден бас тартып, туыстарына, таныстарына, достарына ескертсе, баламен ашық сөйлесіп, психологқа немесе оңалту орталықтарына жүгінуді шешсе, оның миссиясы орындалады деген сөз. Расымен, біз бұған сенеміз. Барлығын осы фильмді көруге және оны жақын адамдармен бөлісуге шақырамыз",- деді Сабина Сексембаева.

Экспресс К-ның деректі кино бөлімі өткір және өзекті әлеуметтік мәселелерге арналған түрлі тақырыптарға фильмдерді көрермен назарына ұсынбақ.

Жаңа бөлім сонымен қатар шығармашылық, сапалы, қызықты мазмұнға нақты көзқарасы мен бағыты бар өндірістік компаниялар мен командалардың ұсыныстарын қабылдайды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров