Шоу-бизнес

"Сүйкімсіз". Кәмшат Жолдыбаева той үстінде атамен ұятсыз би биледі

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Атышулы әнші Кәмшат Жолдыбаеваның ерсі әрекеті желіде қызу талқыға түсті.

Бұл жолы ол думанды кештердің бірінде жасы алпыстан асқан қариямен сексуалды би биледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәмшат Жолдыбаева той үстінде атамен ұятсыз би биледі / instagram.com/kamshat__zholdybayevaКәмшат Жолдыбаева той үстінде атамен ұятсыз би биледі / instagram.com/kamshat__zholdybayeva
Кәмшат Жолдыбаева той үстінде атамен ұятсыз би биледі / instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды. Бейнежазбада Кәмшат тойдың ортасында өзінің әкесімен жасты ер адамның алдында белін бұралаңдатып ұятсыз би биледі. "Сен өзің түрлі екенсің" атты әннің әуеніне еліктеп, ата да Кәмшаттан қалыспай әр түрлі би қимылдарын жасап жүр.

Бұны көрген желі қолданушылары Кәмшатты сынап тастады.

"Жасы қырыққа келсе де, қоймайды екен ұят жоқ жалаңаштанып". "Көйлектің етегін ұзартса ғой". "Сүйкімсіз". "Түк те жарасып тұрған жоқ. Ербеңдеп өзін керемет билегендей болып тұр",

— деді желі қолданушылары.

Экспресс К бұған едйін Жолдыбаева сахнаға юбкасыз шыққанын жазды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров