"Алтын орда" базарындағы тағы бір былық ашылды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Агенттіктің мәліметінше, биылғы наурыз айында Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департаменті "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-ның қызметіне тексеру жүргізген.

Тексеру барысында сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңге, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен 7000-8000 теңге, Sprinter автокөлігінен 6000-7000 теңге, ГАЗель автокөлігінен 5000 теңге, жеңіл автокөліктерден 3500 теңге екені анықталған.

Алматы облысы бойынша монополиямен күрес департаментінің сауда орындарын ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу нәтижесі бойынша "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС 100% үлесімен монополист екені, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды,

— делінген хабарламада.

Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын орда" базары біреулер үшін "майшелпекке" айналғаны туралы айтқан еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров