30 маусымда Парламент палаталары бірлескен отырысқа жиналады

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын,

— делінген өкімде.

Биыл бірлескен отырыс соңғы рет 20 маусымда өткенін айта кетейік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров