"Шет елге тәуелдіміз". Министр қант бағасы неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Бақыт Сұлтанов / primeminister.kz

Үкімет басшысының орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қант бағасына қатысты мәселенің басын ашып берді.

Оның айтуынша, елімізде шет ел өніміне тәуелділік бар, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бізде қант сияқты көп өнім бойынша импортқа тәуелділік бар. Сондықтан ол қаласыңыз да, қаламасаңыз да қымбаттайды. Бүкіл әлемде биржалық баға өсіп жатыр. Бізге қант әкелетін басты серіктесіміздің бірі Ресей шектеу қойды. Бұл да әсер етті", — деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, ел билігі қант мәселесін шешуге тырысып жатыр.

Біз қазірге дейін қабылдап алған 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна сұрадық. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер жүргізіп, есебін шығарып жатыр,

— деді Сауда министрі.

Біз осы кезге дейін елімізде қант бағасы бірқатар өңірде шарықтап кетіп, халық ол үшін төбелесіп жатқаны туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров