Шоу-бизнес

"Оңай болса бәрі салатын еді!" Тұрсынбек туған жерінде мешіт тұрғызып жатыр

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/kabatov_tursinbek_resmi

Таяуда Орал қаласына отбасымен барған Тұрсынбек Қабатов оқырмандарына жағымды жаңалығын жеткізді. Ол туған жерінде мешіт салып жатқанын жеткізді.

Бірақ мешіттің құрылыс алаңынан бейнеүндеу жолдаған әзілкештің әрекеті жұртқа жақпай қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы жылдары Қабатовтың басы даудан арылмай келеді. 2019-да әзілкештің жол талғамайтын көлігін тізгіндеген жүргізушісі адам қағып өлтірсе, былтыр қызы Әдемінің орнына өзге арудың тест тапсырғаны анықталған еді. Бір қызығы, даулы істердің барлығы қазір шешімін тапқан. Осы уақытқа дейін түрлі сынақты бастан өткерген Тұрсынбек бүгінде туған жеріне мешіт салып жатыр екен. Бұл жайында оның келіншегі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде видео жариялады.

"Мешіт салу оңай емес екен. Неше түрлі сынақтар беріп жатады. Көп мешіттер тоқтап қалып жатады, халықтан көмек сұрап жатады. Оңай болса бәрі салатын еді. Мешіттің жұмыстары аяқталып қалды. Мешіт деген бір күндік емес, бір жылдық емес. Жыл сайын адам саны көбейе береді. Тамыз айында ашылуы болады", — дейді бейнежазбада Тұрсынбек Қабатов.

Танымал әзілкештің бұл қадамына оқырмандардың басым бөлігі ризашылығын білдірсе, ал кейбірі қайырымдылық істерін дүйім жұртқа жария еткен Тұрсынбек пен келіншегінің әрекетін сынап жатыр.

"Тұрсынбек, сол ақшаны күнін көре алмай отырған жарлы кісіге берсеңші, жетім балаларға үй салып берсеңші. Күнәңді бұлай жуа алмайсың. Жетімдерге берсең күнәң сонда жуылады", "Елдерге жарнама жасамай-ақ салмайсың ба? Кім салдырғанын онсыз да біліп алады", "Оң қолың бергенін сол қолың көрмесін" дейді атам қазақ. Қанша ағалар бар жасаған жақсылықтарын айтпауға тырысады", "Мешіт салсаң, жақсылық жасасаң елге жария етпеңдер. Әлде мақтаншақ іс пе? Милары осыған жетпей ме? Ішіп-жеп, оны көрсетіп өлерсіңдер", — деп ашуланды желі қолданушылары.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров