Назарбаевтың саяси мұрасына келешек ұрпақ бағасын береді - Тоқаев


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет деді.
Ол бұл туралы .Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл — Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Тұңғыш президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау — бәрімізге ортақ міндет,
Ол Назарбаевтың саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек. Ал қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек деп айтты.
Біз бәріміз халық ретінде ең алдымен еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек. Көп сөздің қажеті жоқ, нақты іске көшуге тиіспіз. Басты міндет — осы,
Оқи отырыңыздар:
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.