Шоу-бизнес

Атышулы Супермамасита тербелмелі орындықтан құлап, өлім аузынан қалды

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Супермамасита лақап атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева тербелмелі орындыққа отырамын деп ажал құша жаздады.

Блогер таудың етегінде ашық аспан астында тербелмелі орындықта тербеліп отырып оңбай құлап қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлияның ауыр темір орындықтың астында қалған сәтін оның құрбысы таспаға басып алған. Оны атышулы блогердің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Соған қарағанда блогер ауыр жарақат алмаған сияқты.

Осындай келеңсіз жайт тек менімен ғана болады,

— дейді Супермамасита.

Видеоны көрген желі қолданушылары Супермамаситаға қолдау білдіріп жатты.

"Аман болыңыз". "Абайлаңыз". "Әлия шытырман оқиғасыз жүрмейді",

— деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін Супермамаситаны Мальдив аралында акула жарып кете жаздағанын жазды. Жақында танымал блогер отбасымен бірге шетелде демалып келді. Блогер акуланың азуына іліге жаздаған видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда кішкентай шабақтарға шабуыл жасамақ болған азулы акула жағажайда шомылып жүрген Супермамаситаның маңайына дейін қуып барған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров