1 доллар 465 теңге. Ұлттық банк не дейді?

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздің Ұлттық банкі теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады.

Себебі ұлттық валюта соңғы 1 апта ішінде доллларға қатысты 20 теңгеге жуық арзандады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық банк теңгенің осыншалықты құнсыздануына бірнеше фактор әсер еткенін мәлімдеді.

Біріншіден, әлемде доллар қымбаттай бастағандықтан, дамушы нарықтардан капитал кете бастады. Бұл өз кезегінде теңгеге әсер етті.

Екіншіден, еліміздің ішіндеге факторлар. Нақты айтқанда ірі компаниялар дивидендтер төлей бастады, сондай-ақ импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін валютаға үлкен сұраныс сақталып отыр.

Ұлттық банктің болжамына сәйкес, қысқа мерзімді кезеңде теңгенің бағамы әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруіне, елдегі және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады.

Ұлттық банк рубль мен теңге бағамына араласпайды, барлығын нарық реттейді. Сондықтан рубльмен немесе кез келген басқа валютамен тепе-теңдікке әсер ету үшін ұлттық валюта бағамымен қандай да бір манипуляциялар жасалмайды.

Осы айдың басында ғана Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеп, айырбастау пункттерінде 1 доллар 424,54 теңгеден сатылған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров