Nike

Nike Ресей нарығынан кетеді

Экспресс К

©AP/Alan DIAZ

Америкалық спорттық киім мен аяқ киім өндірушісі Nike компаниясы Ресей нарығынан кетеді.

Бұл туралы Экспресс К Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компания мұндай шешімді қабылдауға не себеп болғанын айтпады. Ресейдегі жұмысы нақты қашан тоқтайтыны да жарияланбады.

Мамыр айында компания қызметкері операциялық мәселелерге байланысты Nike ресейлік серіктестермен іскерлік шартты ұзартпау және жаңа іскерлік шарт жасаспау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Бірақ ол кезде компания өз қызметкерлеріне төлемін әдеттегі режимде жүргізген болатын.

Ресейліктерге өз өнімін сатуды құрамына ZARA, Bershka, Pull & Bear, Oysho, Massimo Dutti және басқа брендтер кіретін Inditex компаниясы да тоқтаты. Ол Ресейдегі дүкендері мен онлайн сатылымдарды толықтай жауып тастады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров