Шоу-бизнес

Атышулы Ninety One тобының әншісі шаңырақ көтерді

Лаура БИҒАЛИ

twitter.com/eaglez_tt

Ninety One тобының мүшесі "Аlem" лақап атымен танымал Батырхан Мәлік Вероника есімді арумен некесін қиғаны белгілі болды.

Бірақ Батырхан дүбірлі той жасауға асығар емес, деп хабарлайды Экспресс К.

Өнер иесінің айтуынша, Вероника "91 тобының" менеджері болып жұмыс істеген. Бұл туралы ол танымал продюсер Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.

Былай кездесіп жүре беретін едік. Неке жайында ойламайтын едім. Ата-анам қысым жасады. "Жасың келді, қашан үйленесің?" деп қайта-қайта айта берді. Былай айтқанда туыстардан қысым болды. Содан некемізді қидық. Той жасаған жоқпыз,

— дейді "Ninety one" тобының әншісі Батырхан.

Ninety One тобының мүшесі "Аlem" лақап атымен танымал Батырхан Мәлік Вероника есімді арумен некесін қиғаны белгілі болды / instagram.com/xcialem

Бұл ару әншінің жүрегін көркем мінезімен жаулап алған көрінеді.

Маған сенімділік беретін қыз. Ол өте ақылды. Мінезі көркем. Момын, сабырлы қыз. Кейбір түсінбеген нәрсемді сол Вероникадан біліп аламын. Ол жақсы адам,

— дейді әнші.

"Alem" лақап атымен танымал әнші Батырхан 300 адам шақырып, той жасауға әзірге қалтасы көтермейтінін айтты. Бірақ, байыған кезде міндетті түрде той жасауға уәде берді.

Түркістандықтар Nіnety One тобының концертінде "бастарын кесеміз" деп қорқытқанын Экспресс К жазды. Тұрғындар тарапынан жасалған дәл осындай қоқаң-лоққы концерттің өтпеуіне себеп болған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров