Ақпараттық қауіпсіздік

QR-код арқылы адам туралы барлық ақпаратты білуге болады ма?

Фархат ӘБІЛОВ

elements.envato.com

Әлеуметтік желіде QR-код арқылы адам туралы барлық ақпаратты білуге болатындығы туралы бейнежазба тарап жатыр.

Бейнежазба Канадада түсірілген болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазнетте жүктелген бейнежазбада ер адам QR-кодты сканерлеп, өзі туралы ақпаратты оқиды. Кодты сканерлеген қолданушы өзі туралы 10-нан астам ақпаратты оқиды. Тіпті оның шылым шегетіндігі туралы да жазылған.

QR-кодтарда адам туралы ешқандай да ақпарат жазылмаған. Бұл тіпті Канада да, Қазақстанда да жоқ. Канада үкіметінің сайтының ақпаратына сүйенсек, кодтарда тек адамның аты-жөні, туған жылы мен егілу паспорты туралы ақпарат жазылған. Басқа ақпарат жоқ,

— деп жазады stopfake.kz.

Қазақстанда QR-кодтар коронавирусқа қарсы егілу паспортын растау үшін қолданылады. Біздің кодтарда да артық ақпарат жоқ. Демек бейнежазбада адам QR-кодтағы ақпаратты емес, басқа сайтты ашып тұр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров