Жыныстық сауаттылық

Алғашқы жыныстық қатынаста төсектесің тәжірибелі болуы керек – сексолог

Серікқазы АЯЗБАЕВ

elements.envato.com

Ғаламтордағы желіде тараған бейнежазбада отандық сексолог ең алғашқы жыныстық қатынас тақырыбы туралы сөз қозғаған.

Ол алғашқы секс кезінде ескере жүрер ережелерді қарапайым тілмен түсіндірген, деп хабарлайды Экспресс К.

Махаббат Ибрагим — сексолог әрі психотерапевт. Ол кезекті сұхбатында ер балалардың жыныстық сауаттылығын артыруды және алғашқы жыныстық қатынас кезіндегі әдіс-тәсілдерді айтқан.

"Біріншіден, ер адам алғаш рет жыныстық қатынасқа түсер кезде кіммен түскелі тұрғанын білуі керек. Екіншіден, бойдағы қорқыныш пен үрейді алып тастау керек. Ол қандай үрей? Ол — "секс ұят" деген сөз. "Ұят" деген сөзді ойдан алып тастау керек. Содан кейін "төсектегі жұбым менен екіқабат болып қалады" деген үрейден арылған жөн. Үшіншіден, сіз бірінші рет жыныстық қатынасқа түсетіндіктен сол орта, яғни жыныстық қатынасқа түсетін жер алаңдатпау керек. Осы факторлар өте маңызды. Егер бұл факторларды ескермесек, механикалық тұрғыда тез аяқталады, бойда қорқыныш тұрады және оргазмның не екенін сол беті түсіне алмай кетуі мүмкін", — дейді Махаббат Ибрагим.

Алғашқы жыныстық қатынаста төсектесің тәжірибелі болу керек — сексолог / Махаббат ИбрагимАлғашқы жыныстық қатынаста төсектесің тәжірибелі болу керек — сексолог / Махаббат Ибрагим
Алғашқы жыныстық қатынаста төсектесің тәжірибелі болу керек — сексолог / Махаббат Ибрагим

Сексологтың айтуынша, алғаш рет жыныстық қатынасқа түсетін ер баланың төсектегі серіктесі тәжірибелі болғаны маңызды.

"Егер сіздің төсектегі серіктесіңіз тәжірибелі болса, ол алғаш рет жыныстық қатынасқа түскелі тұрған адамға тіпті керемет. Өйткені сіз білмеген дүниені ол үйретеді. Одан қорқудың қажеті жоқ. Сіз одан үйренесіз. Мұны бір алғашқы жаттығу ретінде қабылдаңыз. Әр нәрсені үйренеміз ғой. Мәселен, кішкентай кезімізде жүруді үйренеміз, қасық ұстауды үйренеміз, кейін көлік жүргізу деген сияқты... Жыныстық қатынасты да дәл солай үйрену керек", — дейді сексолог.

Кәсіби маманның пайымдауынша, бүгінде біздің елде балаларына жыныстық сауаттылық туралы толық түсіндіретін ата-аналар жоқтың қасы. Осы орайда сексолог шетелдіктердің тәжірибесінен мысал келтірді.

"Бұрын Еуропада бай кісілер өздерінің балаларын 16-17 жасында жыныстық сауаттылықты үйретенін арнайы үйлерге апарған. Сол жерде жыныстық қатынасқа қалай түсу керек, не істеу керектігін үйреткен. Бұл ежелгі заманнан бар. Сол мәдениетті біз ұлдарымызға түсіндіре білу керекпіз, бұдан қорықпауды да айту керекпіз. Бізде көбінесе аналары шектеу қояды. Негізі бала кәмелеттік жасқа толған кезде жыныстық қатынастың ешқандай ұяты жоқ екенін түсіндіру керек. "Ең бастысы — секс кезінде өзіңді қорғай біл және сенімен қосылайын деп жатқан қызды да сыйлап, оны қорғай біл, балам" деп кеңес беру керек. Ол дегеніміз — ер бала мүшеқапты міндетті түрде қолдану керек. Сонда ғана қауіпсіз секс болады", — дейді маман.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров