Шоу-бизнес

"Сатқын". Қайрат Нұртастың жары жас жігітпен бөксесін бұлғаңдатып биледі

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова тағы ел аузында.

Бұл жолы ол көшеде жас жігітпен биледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Осы уақытқа дейін күйеуі Қайрат Нұртаспен татуласа алмай жүрген Жұлдыз өзінің билеген бейнежазбасын Instagram-дағы парақшасына жариялады. Видеодан актрисаның тар юбкамен бөксесін бұлғаңдатқан сәтін көруге болады. Жұлдыздың жанында шетел әніне еліріп жас жігіт билеп тұр.

Әбдукәрімова бұл видеоның астына қандай жағдай болмасын, адамдарды кешіре білу керектігін жазған.

"Сізді ренжітті ме — кешіріңіз,

Сізді ғайбаттады ма — кешіріңіз.

Сізді сүйе алмады ма — кешіріңіз,

Сізге сене алмады ма — кешіріңіз.

Сізді қорғай алмады ма — кешіріңіз,

Кешіру ол — түсіну. Біз түсінген кезде ғана кешіре аламыз. Бірақ ол — қосылу не жіберу емес, ол — жай ғана кешіру", — дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қайрат Нұртастың жары жас жігітпен бөксесін бұлғаңдатып биледі / instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialҚайрат Нұртастың жары жас жігітпен бөксесін бұлғаңдатып биледі / instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Қайрат Нұртастың жары жас жігітпен бөксесін бұлғаңдатып биледі / instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актрисаның ерсі биін көпшілік сынап тастады.

"Мынаған не болған?". "Шошаңдап кеткен", "Жұлдызға жараспайды". "Қайратқа сабыр берсін". "Күйеуін алдау — сатқындық",

— деп жазды желі қолданушылары.

Кейін белгілі болғандай Жұлдызбен бірге билеген жас жігіт "Қайырлы таң" бағдарламасының жүргізушісі екен.

Әбдукәрімова екінші рет тұрмысқа шығатынын Экспресс К жазды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров