Ата

Цирктегі трюктарды оп-оңай көрсеткен қарияға немересі ауызы ашылып, таңғалды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Егде жастағы қария құдды цирктің өнерпаздары секілді шалт қимылдап, немересінің алдында өнер көрсетті.

Көңілді ақсақалдың әрекеттері түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Онда ақсақал өзі сүйенетін таяғын шыр айналдырып, бірнеше трюктар жасайды. Онысымен қоймай, әдетте цирктағы клоундар жасайтын қимылды да оп-оңай көрсетеді. Ал бүлдіршін атасының өнеріне тамсанып, қошемет қылды.

Атаның бала көңілін тапқан мұндай әрекеті желі қолданушыларын да сүйсінтті.

"Атамыз жас кезінде циркте өнер көрсеткен сияқты"," Осындай аталардан айналу керек"," Атаң осындай болса, ішің пыспайды ғой",

— деп жазды пікір білдірушілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.i

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров