Қоғам

Қазақтың ер-азаматтарын "боққарын" деп атаған әйелді жас жігіт есінен тандырды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында әртүрлі тақырыпты қозғайтын Айдана Альвий таяуда қазақ жігіттерінің намысына тиетін бейнежазба жариялаған еді.

Көптің ашуын тудырған атышулы әйел ерсі қылығымен тағы да елдің назарына ілікті, деп хабарлайды Экспресс К

Жақында "қазақ еркектеріне тигенше, мысықпен жүргенім артық" деп ғаламторды шулатқан блогер әйелдің қазір пікірі өзгерген сияқты. Ол жас спортшының жаттығу барысындағы видеосын желіге жүктеп, жігіттің дене-бітімі мен сымбатына тамсанған сәтін жариялады. Тіпті, "сені қалаймын" деп жазба қалдырған. Мұны көрген ер-азаматтар Айдана Альвийді tiktok кеңістігінде оңдырмай сынап жатыр.

"Қазақтың жігіттерін қарындары май деп жамандап жатыр едің, аузың ашылып, өлейін деп отырсың ғой", "Есің кетіп отыр ғой", "Осы жігітті тауып ал. Өзің қаратып аласың", "Сілекейің ағып кететін болды",

— деп жазды жігіттер.

instagraminstagram
instagram

Айта кетейік, Экспресс К таяуда дәл осы келіншектің ғаламторда қазақ жігіттерін мазақ қылған видеосы қызу талқыға түскені туралы жазған болатын. Айдана Альвий аталған даулы бейнежазбасында ер-азаматтарды "боққарын" деп атаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров