Жасөспірім

Алматыда 14 жастағы жасөспірімнің қалай өлтірілгені белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Алматыда полиция өлі күйінде тапқан жасөспірімнің қашан жоғалғаны және қалай көз жұмғаны белгілі болды.

Бұл туралы жасөспірімді іздеуге қатысқан белсенділердің бірі жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ислам Угушев өзінің Facebook-тегі парақшасында қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, 14 жастағы Тимур Садықов пен Никита жақын дос болған. Бірақ адам өлтірген Никитаның ұрлыққа, жаман әдеттерге жақындығы бар екен. Сөйтіп жүріп күдікті Тимурдың үйінен ақша ұрлағаны белгілі болады.

Тимур өте мейірімді, ақкөңіл бала еді. 14 жаста. Досы Никита 15 жаста. Кейін анық болғандай Никита досының үйінен ақша ұрлаған. Мәселенің мәнін білу үшін Тимур досымен кездескенде ол бірден басын жарып, артынша аяқ киім бауымен қылқындырған,

— деп жазды Ислам.

Мұнан кейін Никита түк болмағандай досының туыстарымен Тимурды іздеуге көмектескен. Десе де, сол қайғылы оқиға кезінде ол марқұмның банк картасы арқылы, сауда жасағаны анықталды. Соның нәтижесінде барлық әрекетті сол жасөспірімнің жасағаны белгілі болып қалған.

Еске салайық, бұған дейін Экспресс К Алматыда 14 жасар жасөспірімнің өлі күйінде табылғанын жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров