GGG

Канело Головкинді көпшіліктің алдында боқтап жіберді

Экспресс К

Қос боксшының алда болатын үшінші жекпе-жегіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда Канело қазақстандық боксшыға қарата ауыр сөздер айтты.

Бұл жайлы Sports.ru ақпараттық порталы жазды, деп хабарлады Экспресс К.

Ол өзінше жағымды көрінгісі келеді. Бірақ ол м*дак. Өзі сондай адам. Оның мен туралы басқа жерлерді жаман нәрселер айтып жүргенін білемін,

— дед мексикалық боксы .

Бірақ Головкин рингтегі тұрақты қарсыласына айналған Канелоның мұндай сөздеріне таң қалды.

Мен Канелоның мұндай мінезін түсіне алмай отырмын. Біз екі рет жұдырықтастық. Екі кездесуден кейін де бір-біріміздің қолымызды алып, құшақтастық. Оның артынан жамандаған емеспін,

— деді Генадий Головкин.

Айта кетейік, отандасымыз Головкин мен мекскикалық Канело Альварестің боксы 17-қыркүйекке жоспарланған. Бұл екі боксшының рингтегі үшінші кездесуі болмақ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров