Қазақстан

Елімізде мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы 75 пайызға артады

Олжас НҰРЖАҚЫП

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстанда мәдениет ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбекақысы өседі.

Жоба Үкіметте мақұлданған, деп хабарлайды Экспресс К.

Еңбекақының 75 пайызға өсетінін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты ұйымдар ұжымдарымен кездесуі барысында айтылды. Мәліметке сүйенсек, бүгінде Қазақстанда ұлттық мәртебесі бар 5 мәдени ұйым бар. Олар:

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі,

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры,

Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры,

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Осы ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына жаңа коэффициент қолданылатын болады. Мысалы, 7-10 жылдық еңбек өтілі бар артистер қазір 217 129 теңге алады, ал 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы 379 977 теңге болады,

— делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, шара барысында тек еңбекақы ғана емес, алдағы уақытта мәдени нысандардың материалдық-базасын жақсартып, қайта жаңғырту жұмыстары жүретіні де айтылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров