Баян Алагөзова

Ашық-шашық киінген Баян Мақсатқызы қайын атасымен құшақтасқан суретін жариялады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

instagram.com/bayanmaxatkyzy

Тіпті продюсер қазіргі күйеуінің әкесімен жиі кездесіп, үнемі бірге тамақтанып тұратынын да жазды.

Баянның айтуынша қайынатасы өзін жақсы көреді екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Күйеуімнің әкесімен түскен бірде-бір суретім жоқ екен. Біз онымен жиі жолығамыз. Ол бізге келіп, бірге таңғы ас пен кофе ішіп тұрамыз. Күйеуімнің туыстарының мені жақсы көретіні сезіледі,

— деп жазды продюсер.

Ал желі қолданушыларының кейбірі тым ашық киінген келіннің қайынатасымен құшақтасып отырғаны ерсі деп есептейді.

"Мүмкін сізге қайынатаңыз ғашық шығар","Өз әкесі ме десем, қайын атасымен құшақтасқаны несі?", "Сен сияқты бай әйелді кім жақсы көрмейді?"

— деп жазды пікір білдірушілер.

Бұған дейін Экспресс К Баян Мақсатқызының бірінші күйеуі Бақытбек Есентаевпен бірнеше жыл өткен соң кездескенін жазған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров