Жағажай

Жағажайға жабық киініп келіңдер деген орамалдағы блогер сынға қалды

Бек ТӨЛЕУОВ

tiktok.com

"Жайдарман" ойынының жеңімпазы Ғалым Махамбетовтың жұбайы, блогер Әсия Тәңірбергенқызы жағажайға шомылуға келген қыздарды жабық киінуге шақырған.

Бірақ оның бұл сөзі желі қолданушыларына ұнамай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жағажайға шомылуға келген қыздар кішкене жабық киініп келсеңіздер. Әйтпесе, еркектер тұрмақ, өзіміз көз алмай қалдық қой,

— дейді Әсия.

Бірақ желі қолданушыларына тұмшаланып алған блогердің бұл сөзі ұнамамай қалды.

"Жағажайға шомылуға барады", " Өзіңіз арабша киінеді екен деп, басқалар тұмшаланып алуға міндетті емес", "Намазды өздерің үшін оқисыңдар", "Әр адам өзі біледі", "Хиджап киіп ақылды болмаңдар",

— деген сарындағы пікірлер көп.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров