Қайрат Нұртас

Кімнен? Қайратпен ажырасып кетті деген Жұлдыз жүкті боп қалғанын біліп, таңғалды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Үнемі елдің назарында жүретін әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова тағы да жұртты шулатты.

Жұлдызға оқырмандарының бірі аяғының ауыр екенін айтыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өзім туралы білмейтінімді сіздерден естимін, әйтеуір. Психологтар "Өзіңді таны" деп жатады ғой, құдайға шүкір, сіздер таныстырып жүрсіздер өзімді өзіме. Аяғым ауыр екен,

— деп әзілдеп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Кеше ғана бөтен жігітпен бөксесін бұлғаңдатып билеп жүрген Жұлдыздың бұлай әзілдегеніне көпшілік қайран қалды.

"Кімнен екенін айтпады ма оқырманыңыз?"," Қайратпен қарым-қатынасыңыз сол күйі үзілді ме?"," Мүмкін шынымен екіқабат шығарсыз. Ішіңіз көрініп келеді",

-деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Жұлдыздың екінші рет тұрмыс құрмақ ойы бар екенін жариялағанбыз. Сондай-ақ Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекованың ұлы мен келінінің өміріне алаңдап жүргенін жарияладық.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров