Тұрсынбек Қабатов

"Әйел Тұрсынбек". Қабатовтан аумайтын келіншек желіні жарды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©Бейне Кадр/tiktok.com/@saniamaldibaeva

Әлеуметтік желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың сыңары табылды.

Әзілкешке ұқсайтын әйел қазір түрлі видео түсіріп, халықты күлкіге қарық қылып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

ТикТок әлеуметтік желісінде қазір Сәния Мәлдібаева есімді әйел пародия түсіріп танымал бола бастады. Соңғы видеосында ол белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың дауысына пародия түсіріп, әлеуметтік желіні жарды. Оған пікір қалдырғандар оның Қабатовтан аумайтынын жарыса жазып жатыр.

"Айнымайды шынымен", "Ойбай, Тұрсынбек па деп қалдым ғой? Тек әйел екен", "Сіз де актриса болып кетесіз", "Әпкесі емессіз бе?",

— деген пікір қалдырып жатыр адамдар.

Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов үнді әніне билеп, желіні жарғанын еске сала кетейік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров