Қытай

Қазақстан мен Қытай арасында рейстер қайта жанданды

Экспресс К

©pixabay

1 шілдеден бастап Қазақстан мен Қытай арасында коммерциялық рейстер қайта басталады.

Қытай ұшып бару үшін қазақстандықтарға ұшуға дейін 48 сағат қалғанда 3 тест тапсырып, 10 күндік оқшаулауда болу керек, деп хабарлайды Экспресс К.

Жаңа ережелер Қытай елшілігінің сайтында жарияланған. Оған сәйкес, оқшаулану кезінде денсаулығыңызға өзіңіз жауап бересіз, сондай-ақ 10 күннен кейін кепілдік хатқа қол қоясыз.

Ұшуға дейін 48 сағат қалғанда екі түрлі зертханаларда екі ПТР-тест тапсыру керек. Екіншісі ұшуға 24 сағат қалғанда жасату қажет.

Осыдан кейін өтініш жазып, оған тест нәтижелері мен басқа да қажетті құжаттарды жіберу керек. Бәрі дұрыс болса, сізге "денсаулық көк коды" беріледі.

Ұшуға 12 сағат қалған антигенге қосымша тағы бір тест тапсыру керек.

Толық ақпаратты Қытайдың Қазақстандағы елшілігі сайтынан білуге болады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров