Қант

ШҚО-да қант бағасы 940 теңгеге жетті

Экспресс К

©facebook.com

Облыс тұрғындары бағаның күн санап құбылып жатқанына өкпелі. Елде қант тапшылығының жоғын қайталай беретін билік өкілдеріне сенуден қалғандарын айтады.

Қант шағын дүкендердің басым көпшілігінде әлі күнге дейін жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Іnbusiness.kz-тің мәліметінше, қазір Семейдің азық-түлік базарларында 25 келі қанттың бағасы 23 500 теңге тұрады екен, яғни кеоісі — 940 теңгеден. Ал Өскеменде қанттың келісінің көтерме саудадағы құны — 720 теңге.

"Ешқандай бақылау жоқ. Қант әлеуметтік азық-түлік ұатарына кіреді, бірақ билік сатушылардың шекті құнын қадағалаумен шектеліп отыр. Ол сатып әкелінген бағадан 15% жоғары болмауы тиіс. Мониторинг топтарының рейдтері де үнсіз қалды. Бір белгілісі — қант бағасы ай сайын, апта санап емес, күніне өсіп жатыр. Сатып алынып қайған қанттың бағасы неге өсе береді?" — деп өкпе айтады Өскемен тұрғындары.

Тұрақтандыру қорының сауда нүктелерінде құмшекер келісі 449 теңгеден сатылып жатыр. Тек бір қолға екі келіден артық алуға рұқсат жоқ. Тұрғындар таңның атысынан ұзын-сонар кезекке тұрады, оның өзінде там-тұмдап әкелінген тауар тез таусылады екен. Мәселен, Семейдегі Small супермаркетіне сейсенбі және бейсенбі күндері қант әкелінеді.

"Сауда үйіне 5-10 келіден әкелініп, келісі 495 теңгеден сатылады. Оның өзін үлгергендері ғана алады да, қапы қалғандар келесі күнді күтеді. Бұл жағдай қашанға дейін жалғасар екен?"

— дейді семейліктер.

Ал "Ертіс" ӘКК" АҚ өкілдері тапшылық жоқ деп отыр. Мәлімет бойынша, әлеуметтік маңызы бар тауар тізіміндегі қант қоры — 1898 тонна. Оның үстіне, осы жылдың жаңа өнімі тағы сатып алынбақ.

Экспресс К бұған дейін Үкімет басшысы қанттың орташа бағасы келісіне шамамен 480-490 теңге болуы тиіс екенін айтқаны туралы жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров