Newscorr

Алматыда дәмхана өртке оранды

Экспресс К

© ЭК

Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан «Терраса» дәмханасы өртеніп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Екі қабатты дәмхананың өртке оранған сәтінен түсірілген видеоны куәгер Newscorr қызметіне жіберген.

Оқиға 27 маусым күні таңғы сағат 8:20-да Момышұлы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған.

Өртеніп жатқан орыннан 50 литрлік 3 газ баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 23 техника мен 55 адам жұмылдырылды,

-деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров