Эйр Астана

235 млн тұратын сақина- Air Astana басшысының әйеліне сыйлығы ел талқысына түсті

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

instagram.com/tatyana.foster

Татьяна Фостер жақында ғана 40 жасқа толып, мерейтойды барлық сән-салтанатымен атап өткен.

Туған күнінен кейін ол күйеуі, Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостердің өзіне жасаған қымбат сыйлықтарын көрсеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостердің өзіне жасаған қымбат сыйлықтарын көрсеткен / instagram.com/tatyana.fosterAir Astana компаниясының басшысы Питер Фостердің өзіне жасаған қымбат сыйлықтарын көрсеткен / instagram.com/tatyana.foster
Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостердің өзіне жасаған қымбат сыйлықтарын көрсеткен / instagram.com/tatyana.foster

Блогер Денис Кривошеев Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында сыйлықтың бағасын есептеп көріпті. Оның есебінше, Татьяна Фостерге тарту етілген бір ғана сақинаның құны 235 миллион теңге тұрады екен.

Компания басшысы әйеліне бір жылдық табысын сыйлап жіберген сияқты. Себебі, "Графф" сақинасы 235 млн теңге тұрады. Ал ол ресми жылына 280 млн алады. Қалай ойлайсыздар, жылдық жалақысын жұмсады ма әлде бұл басқа жолмен келген ақша ма?

— деп жазады Кривошеев.

Жазбаға пікір білдірушілер миллиондарға алынған мұндай сыйлыққа таңданыстарын жасырмапты. Алайда, компания басшысы соншама қаражатты адал еңбегімен жинады дегенге күмәнмен қараған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров