Студенттер

Эротикалық ән салған студент қыз Tik Tok-ты шулатты

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

"Келер болсаң түймеңді ағытып кел" деп домбырамен ән салған студент қыз "TikTok жұлдызы" атанды.

Гулжан Ықылас есімді студенттің видеосын 1 миллион 200 мың адам тамашалап, 60 мыңы жүрек лүпілін басқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгінде бойжеткеннің "TikTok" парақшасына 16 мыңнан астам оқырман тіркелген. Видеолары 11 миллион қаралым жинаған. Желіде тым белсенді қызды көпшілік "Сары қыз" деп атап кеткен.

"Сары қыз" бір жылдан бері желі оқырмандарына түрлі тақырыпта кеңестер айтып, арасында домбырамен ән салады екен. Ал жас қыздың мына видеосы желіде хитқа айналған. Онда Гүлжан эротикалық ән орындап отыр. Ол видеоның астына қатты сөкпеңіздер деген жазба қалдырған.

"Ағытқанша түймеңді таңда атар.

Келер болсаң түймеңді ағытып кел,

Тағатым жоқ таң атқанша, күтіп жатар.

Ойбай сары қыз, піскен қарбыз,

Қарбызыңды маған жарғыз.

Көйлегіңде он түйме қатар-қатар", — деп әндетті студент.

Қытайда туып-өскен Гүлжан бірнеше жыл бұрын тарихи отанына келген. Студент қыз оқудан тыс уақытта тойға шығып ән салып, ақша табады екен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров