Шоу-бизнес

"Шегірткелер шайқасы" Қайрат Әділгерейдің клубта төбелескен видеосы пайда болды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Видеодан кадр

Танымал актер сауық кештердің бірінде белгісіз ер адаммен жұдырықтасқан. Ғаламторды шулатқан видеоны "Диета Kz" тобының мүшесі, актер Жасұлан Базарбаев әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Қазнетті дүрліктірген бейнетаспада бір-біріне жұдырық жұмсаған жігіттер бүкіл қонақтардың мазасын алған, деп хабарлайды Экспресс К

Интернетте тараған бейнежазбаға зер салсақ, Қайрат Әділгерей түнгі клубта бейтаныс жігітпен төбелескен. Танымал актердің бұл әрекетін көпшілік алкогольді ішімдіктің әсері деп топшылаған.

"Мына Қайратың ішіп алған ғой. Сахнада ақыл айтқыштар", "Араққа тойғандар ғой. Ақша бар, күнде кафе. Басқа не істейді? Құтырғандар ғой", "Ұят, осы ғой біздің мәдениет, тәрбие. Не жетпейді?", "Шегірткелердің шайқасы",

— деп жазды желідегілер.

instagraminstagram
instagram

Экспресс К тілшісі видеодағы басты кейіпкер — Қайрат Әділгерейге де, бейнежазбаны желіге жүктеген "Диета Kz" тобының жетекшісі Жасұлан Базарбаевқа да хабарласып, төбелеске қатысты оқиғаның мән-жайын білді.

Бұл видео клиптің түсірілім барысы еді. "Диета Kz" тобының орындауындағы ән,

деп қысқа қайырды Қайрат Әділгерей.

Жақында біздің "Екі қыз" деген бейнебаянымыз жарыққа шығады. Қайрат төбелесіп жүрген видео сол клиптің түсірілімінен алынған. Ел қатты сынап жатыр. Мен бұл видеоны хайп үшін салған жоқпын. Негізі бұл төбелес сахнасы клиптің ішінде бар,

— дейді "Диета Kz" тобының әншісі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров