Шоу-бизнес

"Жиіркенішті". Жолдыбаева жас жігітпен билеп, кейін оны қарауылға ұстап берді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Жақында танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева саябақтың ішінде ашық аспан астында кішігірім концерт қойды.

Сол кеште жұрт өнер иесін "Тағы да сүй" әнін фонограммамен орындады деп те айыптаған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Жолдыбаева жас жігітпен билеп, кейін оны күзетке ұстап берді / instagram.com/kamshat__zholdybayevaЖолдыбаева жас жігітпен билеп, кейін оны күзетке ұстап берді / instagram.com/kamshat__zholdybayeva
Жолдыбаева жас жігітпен билеп, кейін оны күзетке ұстап берді / instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Видео Instagram-дағы zhuldyzdar_kaz парақшасында жария етілді. Бейнежазбада Кәмшат үстіне қысқа қара көйлек, сыртынан былғары плащ киіп алған. Концерт түнде саябақта өткен.

Әннің қайырмасын айтып жатқан сәтте әнші биік сахнаның жанында тұрған көрермен жігітті саусағымен нұсқап тұрып, шақырып алады. Шақыртуын бірден қабыл алған жас жігіт сахнаға атып шығып, Кәмшатпен бірге билей жөнеледі. Бір кезде әншіге жабысып ерсі қылық көрсетіп жүрген жігітті күзет ұстап әкетеді.

Бұны көрген желі қолданушылары Кәмшаттың жас жігітпен жабысып билегенін сынап тастады.

"Өзі шақырып, күзетке ұстатып жібергені қалай кетті?". "Батысқа еліктейді", "Сахнаны ластап бітті". "Ашық-шашық киінетін осы сияқты әншілерді сахнаға жолатпау керек". "Жиіркенішті",

— деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К бұған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның той үстінде бір ақсақалмен ұятсыз би билегенін жазды. Көпшілік оны "сүйкімсіз" деп сынаған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров