Шоу-бизнес

Жұлдыз Әбдукәрімова тағы да 10 жыл декреттік демалысқа кететінін айтты

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Жұлдыз Әбдукәрімова / instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың келіншегі кезекті мәрте жеке өміріндегі жаңалығымен жұртты қызықтарып қойды.

Бұл жолы Жұлдыз бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, тағы да 10 жыл бойы бала тәрбиесімен айналысатынын астарлап айтқан, деп хабарлайды Экспресс К

Алдағы уақытта Қайраттың жұбайы көпшілік көзіне көрінбей кетсе, таңғалмаңыз. Instagram-да сауалнама жүргізген актриса өз оқырмандарына "Сіз демалыста не істедіңіз?" деген сұрақ қойған. Оған қыз-келіншектердің бірі бесінші баласын босанғанын айтса, енді бірі декреттік демалыста отырғанын жазған. Дәл осындай жауаптардан соң Әбдукәрімова да желідегі жұртпен сырласып, жеке өміріндегі жоспарымен бөлісіпті.

Қыздар, шет-шетінен туып бәріңе не болды, адамды қызықтырып... Күшті ғой. Мен де бесіншісін туып алып, тағы 10 жыл бетіне қарап отырсам ба деп ойлап отырмын,

— деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актрисаның "тағы да 10 жыл отырамын" деген астарлы әзілі тегін емес. Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдыз 2007 жылы отбасын құрып, төрт баланы өмірге әкелген. Сол кездері Әбдукәрімова 10 жыл бойын бала бағып, бар уақытын ұл-қызына арнаған еді. Айдарбековтер отбасы да үлкен келінін жұрттан жасырын ұстады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров