Грант

Биыл колледж студенттері үшін рекордты көлемде грант бөлінген

Экспресс К

Pixabay

Қазақстанда колледжге құжат тапсыру науқаны басталды. Түлектер құжаттарын электронды түрде және қатарынан төрт колледжге бірдей тапсыра алады.

Қазақстандағы Балалар жылына орай биыл колледж студенттері үшін 45 мың білім гранты артық бөлінген, деп хабарлайды Экспресс К.

Осылайша, биыл колледж студенттеріне 128 мың грант беріліп отыр. Соның ішінде, білім гранттары IT-мамандарға, құрылыс, инженерия және металлургия сынды мамандықтарға көп бөлінген.

Сондай-ақ биыл Қазақстандағы колледждер жаңа мамандықтар бойынша, атап айтқанда, робототехника, өндіріс технологиялары, ғимаратты жобалау мен пайдалануға берудің автоматтандырылған жүйесі, графикалық және мультимедиалық дизайн, ландшафт дизайны сияқты жаңа салаларда білім бере бастайды.

Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін баласының құжатын Egov.kz порталы арқылы да, колледжге келіп, дәстүрлі форматта да тарсыра алады,

деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Биыл сондай-ақ студенттер құжаттарын елдегі төрт түрлі колледжге төрт мамандық бойынша тапсыра алады.

Сонымен қатар жұмысшы мамандығын аламын деген, болмаса, ерекше қажеттілігі бар балалар колледжге әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Олар да құжатын электронды үкімет арқылы немесе колледжге келіп тапсыра алады.

Ал, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға құжат тапсырған балалар арнайы немесе шығармашылық экзамендерін тапсырып, әңгімелесуден өтеді. Емтихандарды колледжің қабылдау комиссиялары қабылдайды.

"Мемлекеттік тапсырыс арқылы 9-сыныптан кейін оқуға тапсырған балалар арасындағы конкурс 19-22 тамыз аралығында өтеді. Ал, 11-сыныпты аяқтаған балалар арасындағы конкурс 22-25 тамыз аралығында өтеді. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша тапсырған түлектердің конкурсы 29 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді", — деп хабарлайды Оқу-ағарту минстрлігі.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров