GGG

Головкин мен Альварес екінші мәрте көз арбасты

Экспресс К

Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес өзінің үшінші жекпе-жегі қарсаңында көз арбасты.

Бұл — боксшылардың жаттығу лагеріне аттанар алдындағы соңғы кездесуі, деп хабарлайды Экспресс К.

Үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, ол арада трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі өткен.

Ол мықты боксшы, қауіпті боксшы — оған шүбә келтірмеймін. Бірақ жекпе-жектен күтерің бар болса, дәл мен сияқты, онда тәуекелге баруың керек. Мен мұны түсініп отырмын. Алайда қалағаныма қол жеткізгім келсе, тәуекелге баруым қажет,

— деді "Канело".

17 қыркүйекте мен үшін, ол үшін, барша жанкүйер үшін, жалпы бокс үшін үлкен жекпе-жек болады. Біз боксты жаңа деңгейге көтереміз. Мүмкін, бұл қазір бокстағы ең үздік айқас, тарихи айқас. Бұл — менің арманым!,

— деді Головкин баспасөз мәслихатында.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. Бірінші кездесу дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңімпаз деп танылды.

Мамыр айында Альварес жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп, өз мансабындағы екінші жеңілісімен бетпе-бет келді.

Бұған дейінгі өткен баспасөз мәслихаты кезінде Канело Головкинді көпшіліктің алдында боқтап жіберген болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров