Такси

"Қантың өзіңе". Маңғыстаулық таксиші жолаушыны жомарттығымен таңғалдырды

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Маңғыстауда такси тоқтатқан тұрғын жол ақысын бір келі қантпен төлеу туралы ұсыныс айтқан. Нарықтағы бағаның қымбаттағанын алға тартқан жолаушының сөзінен кейін таксиші келісім береді.

Бірақ ол қантты алмай, тегін-ақ жеткізетінін айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетіп жүрген маңғыстаулыққа азықтың осы түрін ұсынуға еліміз бойынша қант бағасының шарықтауы себеп екен.

"Химик" аялдамасына дейін жеткізіп салсаңыз, жол ақысы қанша болады? 700 теңгенің орнына 1 келі қант төлесем қалай болады? Бағасы қазір 1200 теңгеге дейін өсті ғой,

дейді жолаушы.

Мұндай қызық жағдайды бұрын бастан өткермеген көлік иесі абдырап қалған. Алайда соңынан келісім беріп, бірақ ақысына қантты алмайтынын айтады. Тегін жеткізуге келіскен такси осылайша адамгершілігін танытады.

Қантты берем дейсің бе? Бұл қалай болады екен? Жүр, тегін ала кетемін. Қант өзіңде қалсын дейді,

дейді жүргізуші.

Такси келісім бергеннен кейін жолаушы мұның әлеуметтік эксперимент екенін айтады. Сөйтіп бір келі қантты таксишіге табыстап кетті.

Желі қолданушылары жүргізушінің кісілік танытқанына ризашылық білдіріп, түрлі пікірлерін қалдырған.

"Осындай ағаларымыз көп болсын", "Маңғыстаудың адамдарына ризамын", "Құдайын ұмытпаған адам", "Адамгершілік деген осы болады, ағайын" деген сынайда жылы лебіздерін қалдырған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров