Теңге

Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуін түсіндірді

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Маусым айының қорытындысы бойынша теңгенің бағамы 1 доллар үшін 470, 24 теңге.

Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Маусым айының қорытындысы бойынша теңгенің бағамы 1 доллар үшін 470, 24 теңге, яғни 13, 3 пайызға құнсызданған.

Ұлттық банк энергия бағасының қолайлылығына қарамастан валюта бағамы әлсіреп бара жатқанын мәлімдеп отыр. Негізгі себеп — шетел валютасының шектеулі ұсынысы және оған деген сұраныстың бір мезгілде өсуі.

Валюта ұсынысының төмендеуі — экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеуге байланысты болды,

— деп жазылған банк хабарламасында.

Валюта нарығы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерді сатуымен қолдау тапты. Бұл — шамамен 480,4 млн доллар.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату 438,3 миллион доллар. Ұлттық қордан түскен сату үлесі жалпы сауда көлемінің — 20,7%.

Маусым айында ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушыларға және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады,

— деген банк хабарламасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров