Жалақы

Елдегі орташа жалақы 285 мың теңге. Бұған көбісі сенбейді

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ресми статистика бойынша жыл басындағы Қазақстандағы бір айдағы орташа жалақы 285 мың теңге болды. Әрине, айлығы шайлығына әрең жететін халық бұған сенгісі жоқ.

Елдегі экономист-сарапшылар да мұндай оптимизмді қолдамайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Мысалы, сондай экономистің бірі — Бақытжан Омаров "Астана" телеарнасына берген сұхбатында ресми деректердің бұрмаланғанын айтты.

Жалпы алғанда, орташа кірісті нақты градация арқылы есептеу керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметкерлер мен өндіріс қызметкерлерінің табыстарын бөліп есептеу қажет,

дейді Бақытжан Омаров.

Ол сонда халықтың көпшілігінің табысы біздің орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен екені нақты көрінетін болады деп айтты.

Экономист орташа жалақы ресми деректерде көрсетілген мәліметтен екі есе төмен деп есептейді. Яғни 120-150 мың теңге аралығында екенін алға тартады.

Ресми статистика бойынша, ел өңірлері бойынша ең көп жалақы алатын өңір — еліміздің батыс аймағы. Оның ішінде Атырау облысында жалақы көлемі 406,2 мың теңге. Ең аз айлық — Солтүстік Қазақстанда, онда орташа айлық 187,5 мың теңге шамасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров