Айтыс

Алтайда өткен айтыстың бас жүлдесін Ардабек Ақбаба жеңіп алды

Есен ҮРКІМБАЙ

Шығыс Қазақстан облысында "Алтайдай жер қайда?!" халықаралық айтысы мәресіне жетті. Аламан сөз додасына Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген атақты айтыскерлер қатысқан.

Қатон-Қарағай ауданында өткен айтыстың 20 млн теңге жүлде қоры ақындарға табысталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында өткен "Алтайдай жер қайда?!" халықаралық айтысын стадионға жиналған үш мыңға жуық көрермен тамашалады. Сөз өнерінде саңлақтардың қарымын Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Ахметбек және Серік Құсанбаев сынды ақындар бағалады.

"Қазір Айтыстың деңгейі әлдеқайда жоғары. Өйткені айтыскерлердің көбісі ғылым бағытында жүр. Бұл әлбетте, айтыстың ителлектуалдық деңгейін өсіреді. Бүгінгі жастардың да айтысқа бетбұрысы ерекше. Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан секілді шетелдердегі қандастарымыздың да айтысқа қызығушылығы артып келеді. Мұндай фестивальдер алдағы уақытта да әлі жалғасын табатынына сенемін", — деді Жүрсін Ерман.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде Ардабек Ақбабаға бұйырды. Бірінші орынды қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов қанжығаласа, екінші орынды Еркебұлан Қайназаров пен Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Қазірет Бердіхан мен өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков үшінші сатыға тұрақтады.

Сонымен бірге көрермен қауым Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Жарқын Жұпархан сынды өзге де ақындардың сөз қағысына куә болды.

Сондай-ақ, ойдың тұнығын, сөздің шымырын теріп, көрерменді қуантқан қатысушы айтыскерлерге де қаржылай сыйақы табыс етілді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров