Қарағанды

Ресейде сотталған қазақстандық блогерлер елге қайтарылады ма?

Фархат ӘБІЛОВ

©Pixabay

Осы сұраққа ҚР Бас прокуратурасы жауап берді.

Ресейде такси жүргізушісіне пранк жасағаны үшін сотталған қазақстандық Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебай елге қайтарылмайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен жылдың қараша айында Мәскеудің Пресненск соты такси жүргізушісінің көлігін күлкілі бейнежазба түсіру үшін айдап әкеткен қазақстандық блогерлерге үкім шығарған болатын. Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебай алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабымен кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

ҚР Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық Департаменті бастығының міндетін атқарушы Б.Құрмановтың айтуынша, 1998 жылдың наурыз айындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы Конвенцияға сәйкес, екі ел сотталған азаматтарын жазаларын өтеу үшін, өз елдеріне жібере алады.

— Конвенцияның 4,5 бабында сотталған азаматтың жазбаша келісімімен ғана оны өз еліне ауыстыра алады. Сотталғанды ауыстыру бойынша өтінішті оның өзі, жақын туыстары, заңды өкілі мен адвокаты түсіре алады. Қазіргі таңда Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды Қазақстанға ауыстыру бойынша өтініш келіп түскен жоқ, — деп жауап берді ЭК ресми сауалына Құрманов.

Үш қазақстандық жазаларын Мәскеудегі жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр.

ЭК осыған дейін Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Бас Прокуратура пікір білдіргенін хабарлаған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров